Елорда тынысы

LRT құрылысы жалғасады

[smartslider3 slider=3876]

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Парламентте БАҚ өкілдерімен кездескенде бас шаһарда атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті.

Журналистер Нұр-Сұлтан қаласының жол-көлік қозғалысына оң әсер етуі тиіс LRT құрылысы туралы әкімнен сұрады.

«LRT жұмысы міне, қыркүйек айында басталады. Бірінші траншпен бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Бірақ ол жеткіліксіз. Себебі егер тұтастай алатын болсақ, қазіргі уақытта 1 млрд долларға жуық қаражат жұмсалды. Оның өз міндеттемесі бар. Себебі Қытаймен келісімшарттарға қол қойылған. Ол жерде мемлекеттің өзінің міндеті бар. Біз келісімшартты бұзатын болсақ, онда арбитражда соттасып, біз ұтылып қаламыз» – деп жауап қатты Алтай Көлгінов.

Әкімнің мәліметі бойынша, Қытай тарабы өз міндеттемесін орындап отыр. Қаражат тоқтатылғаннан кейін жұмыс тоқтап қалды.

«Қазір біз көктемде, күзде бюджеттен 3,5 млрд теңге көлемінде банктерге проценттерімен қайтарып отырмыз. Бәрібір мемлекеттің қалтасына салмақ түседі. Сондықтан, бюджеттен бөлеміз деп шешім қабылдадық. Құрылысты аяқтау үшін қазіргі есеппен 570 млн доллар керек» деді әкім.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button