LRT құрылысына орай Астанада бірнеше көше жабылады
Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыздан сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болады.
Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы CTS сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
«Қала тұрғындары мен жүргізушілер жағдайға түсіністік танытып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз сарайы тарапынан «Астана Арена» маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатының төсемі бойынша жұмыс жүргізетіні хабарланды.