Мәдениет

Мәдени ошақтар шақырады

Елорданың Мәдениет басқармасына қарасты мәдени ошақтар алдағы күндері өнерсүйер қауымға ұсынылатын шаралар кестесін әзірледі.

[smartslider3 slider=1989]

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының ­Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті бүгін «Классика, романтика және қазіргі заман» концертін ұсынады. Бағдарламада В.А.Моцарттың, Р.Шуманның және қазақстандық композитор Омархан Несіпхановтың шығармалары орындалады. Концерт «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында өтеді. Басталуы – 19.00-де.

4 ақпанда «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері қазақ би қимылдарынан шеберлік сағатын өткізеді. Осы күні Жастар сарайының «М-Арт» театралдық студиясы поэтикалық жобаны ұсынады. Ал Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Жер атаулары сыр шертеді» эрудит шоуын ұсынады.

4-6 ақпан күндері Қуыршақ театры балдырғандарға «Қысқы ертегі» қойы­лымын көрсетеді. Балалар спектакльді үш күн бойы тамашалай алады. Ал М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 4 ақпаннан бастап 6 ақпанға дейін «Халықтық кадриль» лирикалық комедиясының премьерасын өткізеді.

6 ақпан күні Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы», «Маңдайдан бағың шайқалса», «Қош, махаббатым» әңгімелерінің желісі бойынша қойылған «Ауыл» хикаялары спектаклін ұсынады.

Әсия Нұрбекқызы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button