Мәдениет

Мәдени ошақтармен танысты

Жаңадан тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елордадағы аталмыш ведомствоға қарасты мәдени ошақтарымен танысып жатыр. Министр Ұлттық музейге, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-­қорығына, Ұлттық академиялық кітапханаға және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды.

[smartslider3 slider=1850]

Ұжымдармен кездесу барысында Дәурен Абаев мәдениет мекемелері қызметінің негізгі бағыттары, түйткілді мәселелері мен алдағы жұмыс жоспары туралы сұрады.

Сондай-ақ министр мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерге жүктелген елдің рухани мұрасын сақтау және көбейту, қоғамның тарихқа құрметпен қарауы, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Жиын барысында Дәурен Абаев өзекті мәселелерді талқылау және оларды тиімді түрде шешуге арналған ұсыныстарды тез арада жинап, лайықты дәрежеде нәтижеге жетуге ниетті екенін нақтылады.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button