Мәдениет

Мәдениет өкілдерімен кездесті

«Amanat» партиясының хатшысы Ринат Кертаев елордадағы мәдениет пен өнер саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға филармония ­директоры, қалалық мәслихат депутаты Ерлан Дакенов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова, қалалық штаб мүшелері Қанат Естек пен Мәлік Хасенов, өңірлік партия филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов қатысты.

[smartslider3 slider=3013]

Референдум өткізуді қолдау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде өнер жанашырларының сұрақтарына жауап беріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Атап айт­қанда, партия хатшысы Ринат Кертаев: «Жаңа Қазақстанда» өткізілетін референдум барлық өңірге өзгеріс әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, билік пен халықтың арасында жаңа қоғамдық келісім қалыптаспақ. Біріншіден, реформа суперпрезиденттік басқару түрінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға ауысуды көздейді. Еліміздің саяси жүйесінде Парламенттің рөлін күшейту бойынша жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізілуде. Ұсынылып отырған өзгерістер биліктің заң шығарушы тармағының маңызды бөлігін қамтиды. Заң шығару процесінің тиімділігі айтарлықтай артады» деді.

Әнші Алтынай Жорабаева: «Әрбір әнші бұрынғыдай көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп, тек жанды дауыста ән айтса, өнердің бәсі артады» деген пікірін білдірді. Сонымен қатар Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі, әнші, продюсер Майра ­Ілиясова мен белгілі әнші ­Светлана ­Айтбаева сөз алды. Өнер иелері көкейде жүрген сауалдары мен мәселелерін ортаға салды. Оның ішінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мәдениет саласындағы қызметкерлер жалақысының төмендігі айтылды. Өз кезегінде дирижер, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов: «Ұлттық тәрбие, сапалы музыка мен талғамға аса мән беруіміз керек. Қазіргі жастар эстетиканың төмендігінен филармонияның концертіне емес, жеңіл шоуға қызығады» деген ойымен бөлісті.

Партия хатшысы барлық айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін және «Amanat» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің қарауына ұсынатынын мәлімдеді. Өзекті дүниелер мен сын-пікірлер айтылған келелі кездесуде өнер иелері Президенттің Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойын­ша қолға алған бастамасын қолдайтындарын айтты.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button