Мәдениет

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт өтті. Кеш барысында үздік қызметкерлерге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов­тің алғыс хаты мен салалық марапаттар тапсырылды.

[smartslider3 slider=3040]

Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасының қызметкері Ғалия Сыздықова, «Жігер» джаз оркестрінің әртісі Асылбек Жолдиев, «Наз» мемлекеттік би театрының әртісі Жұлдыз Бегманова, Қуыршақ театры әртісі Манзура Умаршаева, Музыкалық жас көрермен театрының актері Оразалы Игілік, Бірлескен мұражайлар дирекциясының бас есепшісі Сандуғаш Темірханова, «Астана­лық» цирк әртісі Нұрым Күленбаев, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Денис Анников, Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының актері Ербол Есендосов, «Жастар» театры мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бағдагүл Мұхамбетжанова, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №5 көпшілік кітапхана басшысы Татьяна Есина марапатталды.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 9 адамға, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің, елорда әкімінің орынбасары, қалалық Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік концертте «Қорқыт» этноансамблі, «Наз» мемлекеттік би театры, Музыкалық жас көрермен театры, Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Ренат Гайсин, халық­аралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Александр Геер, Айдын Жұмабай, Нұрбол Балапанов, Әкімхан Маженов және т. б. өнер көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button