Жаңалықтар

Мәдениетіміздің мәйегімен танысады

этноауыл 111

Астанада жергілікті жұрт пен сырттан келетін қонақтарға арналған «Бәйтерек», «Думан», «Хан шатыр», «Мега» секілді демалыс орындары баршылық. Алайда, көпшілік оларға ойын-сауық құру үшін бармаса, басқа мақсатты көздемейді. Адамды рухани тұрғыдан байытатын мұражайлар, театрларды қоспағанда, елордада «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінен өзге жерді емге таппайсыз. Бұл олқылықтың орны толтырылмақ. Бас қаламызда бір емес, екі мәдени нысан бой көтермек. Оның бірі – этносаябақ болса, екіншісі – «expo – 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында салынатын этноауыл.

 

ЭТНОСАЯБАҚ ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН КӨРСЕТЕДІ

Мемлекетімізде 130-ға тарта ұлт өкілдері тату-тәтті тұра­тыны әмбеге аян. Этно­саябақ салу­дың мақсаты – Қазақстан хал­қымен қоса шетелден келетін қонақтарды олардың мәде­ние­тімен таныс­тыру. Бұл орын еліміздегі ту­ризмді дамытуға да мүмкіндік береді деп күтілуде. 132 гектарды алатын аумақта этноауылдар, дендросаябақтар, қонақүйлер, ұлттық асханалар пайда болады. Сондай-ақ, бас жобалаушы «ШАТТ Құ­рылыс» ЖШС этносаябаққа келушілердің көліктеріне арнау­лы орын да бөлмек.

Жоба жетекшісі, сәулетші Ғалым Исабаевтың айтуынша, этносаябақ әлемде теңдесі жоқ нысанға айналмақ. «Өзге елдердегі этносаябақтар негі­зінен археологияның немесе сәулет өнерінің бір ғана тақы­­рыбын қамтып, бір ғана ұлт­тың мәдениетін көрсетеді. Ал, Астанадағы этносаябақ поли­эт­никалық мәдениетті Қазақ­станды мекендейтін ұлттардың дәстүрімен біріктіреді» дейді ол.

Сұрап білгеніміздей, саябақтың басты құрылысы этноорталық болмақ. Оған Қазақстан халқы ассамблеясының мәжіліс залы, көрме залдары, барлық этнос мәдениеттерін көрсетететін интерактивті-виртуалды мұра­жай, мәдениет және өнер орта­лығы, дәрісханалар, сауда орын­дары, мұрағаты бар оқу зал­дары кіреді. Этносаябақта түрлі халықаралық шаралар, құрыл­тайлар, әлемдік деңгейдегі симпозиумдар өткізілмек. Сәулетшінің пікірінше, бұл орын шағын және орта бизнес өкілдерін де өзіне тартады.

Тағы бір атап өтерлігі, жобалаушылар этносаябақтың экологиялық жағына да көңіл бөліп отыр. Оның аумағында Энерготиімді инновациялық технологиялар орталығы жұ­мыс істеп, күн батареялары мен жел генераторлары сынды жаңар­тылатын энергия көздері пайдаланылмақ.

 

«НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ОСЫ, МІНЕ, ТАНЫП ҚОЙ

Жақында Астанаға ресми сапармен келген Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес: «Қазақстан павильоны тек баламалы энергия көздерiн игеруді ғана емес, ол сонымен қатар, мем­лекеттiң тарихын, мәдениетiн, өнерiн ашып көрсеткенi жөн. Қазақстан тек тақырыптық көр­меге айналып кетпес үшiн, бiз осындай мәселелердi енгiзу жө­нiнде талқылаулар жүргiземiз» деген еді.

Расымен, «EXPO-2017» көрмесі кезінде Астанамызға 5 млн қонақ қонақ келеді деп болжануда. Олардың 2 миллионы туристер болмақ. Қонақтар ғылыми жетістіктерімізбен қоса, еліміздің мәдениеті мен тұрмысына да үңілетіні сөзсіз. Сол кезде оларға не көрсетеміз? Әрине, көрсетеріміз жеткілікті. Ең алдымен, бай мәдениетімізден хабар беретін қазақтың этноауылымен мақтана аламыз.

Этноауыл үш мың шаршы метрді алады. Бұл жө­нінде жа­қында «Астана EXPO-2017» Ұлттық компа­ния­сының бас­қарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді. Оның айтуын­ша, қазір компания Мәде­ниет министрлігімен бірге ны­сан­ның құрылысын тия­нақтап жатыр. Этноауыл ежелден келе жатқан тарихымыз бен мәде­ниетімізді, дәстүрімізді көр­се­теді. Ол жерге шеберлер ауы­­лы да салынады. Бір сөзбен айт­­қанда, этноауыл арқылы ше­тел­діктер қазақтар жайлы мағ­лұмат алатын болады.

 

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button