Президент пәрмені

Мәдениеттің ұйтқысы

«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз».
Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің халқына ар­на­­ған жыл сайынғы Жолдаулары­ мем­ле­кет­ті­лі­гімізді тұғырлы ету­ге бағытталуда. Ана тілінің мәр­те­бесін көтеру, мемлекеттік тіл­дің­ Қазақстан азаматтарын бі­рік­ті­ру­ші рөлі тұрғысында да мә­се­ле­лер көтерілуде. Елбасы Н.Назарбаев жыл сайын осы бір тым­ өзекті мәселе тұрғысында ай­тып­ та, жазып та жүр. Мәселен, «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы: қа­лып­тас­қан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауында: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата За­ңы­мыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.

Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қам­шы­лауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі бар­ша­ қа­зақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені дау­сыз.­ Сондықтан, оған бей-жай қа­ра­май­ық. Мемлекет өз тарапынан мем­ле­кет­тік тілдің позициясын ны­ғай­ту үшін көп жұмыс атқарып ке­ле­ді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жө­нін­де­гі­ кешенді шараларды жүзеге асы­ру­ды жалғастыру керек» деп тұ­жы­рымдаған да еді.

Қазақ тілі – ұлттық мәдениеттің өзегі. Қазақ тілі арқылы қазақ ұл­ты­ның­ ғасырлар қойнауынан да­ра­ жолмен келе жатқан дәстүрі ғұ­мыр­лы болмақшы. Алайда, бай­қап­ от­ыр­ға­нымыздай, ұлттық мәдениеттер де жаһандану қармағына іліне бас­­та­ды. Жаһанданудан тыс қалу мүм­кін­ болмаған заманда оған қарсы тұ­ру­дың төте жолдарын іздестіру қа­­жет­тігі де туындауда. Жаһандану құрдымына жұтылмаудың дара жолы – ұлттық дәстүрден ажырамау.­ Ұлттық дәстүрдің іргетасы – ана тілі. Сондықтан да, қазақ тілінің зама­на­ ағымына сай даму мәселесіне ерекше көңіл аудару қажеттігі туын­да­ған­дықтан, латын әрпіне көшу мәселесі көтерілуде. Президент сө­зі­мен­ айтқанда: «Біз 2025 жылдан бас­тап әліпбиімізді латын қарпіне, ла­тын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс­ принципті мәселе. Бір кезде та­рих­ бе­де­рінде біз мұндай қадамды жа­са­ғанбыз.

Балаларымыздың бо­ла­шағы үшін осындай шешім қабыл­дау­ға тиіспіз және бұл әлеммен бір­ле­се­ түсуімізге, балаларымыздың ағыл­шын­ тілі мен интернет тілін жетік иге­руіне, ең бастысы, қазақ тілін жаң­ғыр­туға жағдай туғызады».

Қазіргі таңда БАҚ беттерінде әліп­би­ді латын әрпіне көшіру мәселесі тұрғысында алуан түрлі пікірлер көтерілуде. Зиялылар арасында да түрлі көзқарастар өрістеп тұр. Бұл заңдылық та. Алайда, әлем биігінен қарасақ, латын әліпбиіне көшудің замана талабы екендігін ұғынамыз. Өткен ғасыр басында қазақ зиялылары арасында латын әрпіне көшу мәселесі төңірегінде даулы пікірлер орын алған еді. Алай­ды, ол заманның биігі мен бү­гін­гі заманның биігін салыстыруға мүлдем болмайды. Өткен ғасырдың басы қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналған уақыт болды. Түсінікті болу үшін ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының «азғантай күшiмiздi мектеп үйлерiн салу мен оқулықтарға жұмсауымыз керек. Қарiп мәселесiне мұқтаждық туып отырған жоқ» деген пікірін келтірсек. Ал, қазіргі заманда қазақ тілін заманға сай дамытып, ана тілінің қуатын ұлттық рухымызды биіктетуге жұмылдырып, әлемдік өркениет көшінен айрылмаудың қамын жасау басты мақсат болып отыр. Қазір азаматтардың кей­бі­рі «латын әліпбиіне көшсек, бұ­рын­ғы рухани мұра халықтан ажы­­рап­ қалады» деген орынсыз пі­кірді айтады. Ал, осы мәселеге қа­тыс­ты­ та­рих­шы Н.Мұқаметханұлы «ла­тын әрпіне көшсек, кеңес өкі­ме­ті кезіндегі нағыз әдеби жау­һар­ла­ры­мыз­ды латын әрпіне көшіретін едік те, сол кезде жазылған, кеңестік идеологияны уағыздайтын дүниелерден арылар едік. Қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Әрі бұл әлем қазақтары латын әрпі арқылы ала-құлалықтан да арылар еді. Ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетіміз қалыптасар еді» деген түзу пікірін айтса, ал философ ғалым Ж.Молдабеков «… қа­зір­гі таңда латын қарпіне көшудің бірнеше қажеттіліктері айқындала түсті. Олар – әлемдік ақпараттық байланыс кеңістігіне ену; түркі тілдес халықтардың мәдени мұра­ла­рын­ бір-біріне жақындастыра тү­су; болашақта Қазақ мемлекетін қа­лып­тас­ты­ру­дың көпке бірдей тетігін іске қосу» дей келе, мәселеге ұлттық мүд­­де­ тұрғысынан қарау қажеттігін де­ тұжырымдаған еді.

Елбасы қазақ тілін жаңғыртудың қажеттігін, тілді заманға сай үй­лес­ті­ріп, мәселесінен консенсус із­деу керектігін, сонымен қатар, әб­ден орныққан халықаралық жә­не­ шет тілінен енген сөздерді қа­зақ тіліне аудару мәселесін бір­жо­ла шешу қажеттігін Үкіметке тап­сыр­ған еді. Алайда, бұл мәселе – нау­қан­шы­лдықпен емес, ғылыми тұр­ғы­дан­ шешуді қажет ететін дүние. Себебі, тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Қазіргі таңда Ана тілі төңірегінде қордаланған мәселелер де бар екен­­­дігі ақиқат. Мәселен, кейбір сөздердің мәні мен мағынасы өз орнымен қолданылмайды. Ұғымдар мәселесі төңірегінде де айтылатын мәселелер жеткілікті. Әрине, бұл – арнаулы мамандардың зерттеу еншісіндегі дүние. Қазіргі кезеңде түрлі ұғымдардың, мағынасыз мақалдардың өмір шындығынан туындап, адамдардың сана-сезіміне шым-шымдап сіңіп жататындығына қатты мән беруіміз керек. Мәселен, қазіргі күні «еркек» сөзі тым жиі қолданылады. Қазақтың болмысын жақсы білетін адам бұл сөзді оңды-солды қолданбайды. Өйткені, қазақ ұлтында ер-азамат деген түсініктің мәні ерекше жоғары болған. «Ер – азамат» ұғымы мен «еркек» сө­зін­ тіпті салыстыруға да келмейді. Тү­сін­ген­ адамға, екеуінің мәні – жер мен көктей. Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасыр басында

«Жұбату» өлеңінде:
Ер орнына еркек қалды,
Көлеңкеден үркек қалды, –
деп ашына жазған еді.

Қазақ ұлты тағдыр сынына тап болып, талай теперіш көрсе де, ана тілі өзегімен жүрген рух үндестігінің арқасында өзінің болмысынан айрылмады. Мұны көненің көзін көріп, ғибратын алғандардың әңгімесі-ақ дәлелдейді. Өкінішке қарай, бүгінде олардың қатары сирек. Біздің рухани аштығымызды практикалық тұрғыда бүтіндеуге жеткіліксіз.
Қазақша сөйлеу мен қазақ тілін өз мәнінде ұғынып, онымен тәр­бие­леніп, ұлттың жан-дүниесін ұғы­ну мәселесі – екі түрлі дүние. Сон­дық­тан, ана тілін білу ғана емес,­ онымен тәрбиелену ісіне ерек­­ше көңіл аудару қажет. Тілмен ұрпақ тәрбиеленеді. Өрімтал жас­тың­ жат елшіл болып кетпей, елдік мүд­деге қызмет ету деңгейі қатаң қадағалануы шарт. Президент айт­қан­дай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».

Құралай СӘРСЕМБИНА,
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button