ЖаңалықтарМәдениет

МӘДИНА «БОРДОДА» БИЛЕЙДІ

balerina

Белгілі француз хореографы Шарль Жюд «Астана Опера» театры балетінің жетекші солисі Мәдина Баспаеваны «Бордо» театрының сахнасында композитор Л. Минкустың музыкасына жазылған «Дон Кихот» балетінде өнер көрсетуге шақырды.

Мәдина Баспаева француз сахнасына бірінші рет шығайын деп тұрған жоқ. Ол балерина «Бордо» театрында «Ромео мен Джульетта» қойылымының тұсаукесерінде өнер көрсеткен.

«Бордо» балеттік труппа­сы­ның директоры Шарль Жюд: «Мәдина «Ромео мен Джульет­та­ның» тұсаукесерінде билегенде мен залда болдым. Өне бойым шымырлап, адам айтқысыз әсер алдым. Осы уақытқа дейін қаншама спектакль көрдім. Сен­сеңіз, солардың көбінде ішім пысып отыратын. Қанша жерден техникасы мықты болғанмен, ешқандай әсер алмасаң, әртісі бейнені жеткізе алмады деген сөз. Техниканы тамашалау үшін мен спорт сарайына немесе циркке бара аламын. Ал, Мәдина Баспаеваның орындағанына қарап шынымен сүйсінесің. Неге десеңіз ол көрерменге ішіндегі барын ақтарады», – дейді. Сол тұсаукесерден кейін қоюшы хореограф қазақстандық бишіге маусым айында «Бордо» театрының сахнасында тағы да өнер көрсетуге шақырды. Бүгінде балерина Францияның балет труппасымен репитициясын бастап кетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button