Ел тынысы

Мәдениет қызметкерлері тоғызқұмалақтан сайысқа түсті

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«14 наурыздан басталған Наурыз тойы әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі «Ұлттық спорт күніне» орай мәдениет саласының қызметкерлері арасында халқымыздың ақыл-ойды дамытатын ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Бұл да – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаудың бір көрінісі. Жарысқа қатысқан ойыншыларға табыс тілеймін»,- деді жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов.

«Ұлттық спорт – ұлтымыздың мақтанышы және ұлттық бренді» атты ұранмен достық қарым-қатынасты нығайту және мәдени мекемелер арасында ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Астанадағы мекемелерден 10-нан аса ойыншы бақ сынады.

Жарыс соңында жеңімпаздарға 1, 2, 3 орын бойынша арнайы жүлделер табысталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button