Басты ақпаратМәдениет

Мәмбетов мерейі

Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «TЕАТРALL» театр фестивалі кеше жабылды.

22-30 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігі және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының ұйымдастыруымен, Қазақстан ­Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, халықаралық түркі мемлекеттерінің (ТҮРКСОЙ) ұйымы қолдауымен өткен бұл өнер фестивалінде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыс­тық Семейдің мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Санкт-Петербург камералық «ТОК» театры сынды 14 ұжым өнер көрсетті.

«ТҮРКСОЙ» халықаралық түркі мәдениеті ұйымы атынан театрдың жабылу салтанатына Анкара қаласынан арнайы келген халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қаржы директоры Санжар Мехмет Мүләзімоғлы мырза және «ТҮРКСОЙ» ұйымының кеңесшісі Шафхат Исмайлов мырза барлық қатысушы театрларға фестивальді жоғары деңгейде өткізгені үшін айрықша алғысын білдірді. Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ Фарход Бойнозаров пен Әділ Ахметов «Ш.Айтматов» төсбелгісімен; Арадов Мурад «Махтумкули» төсбелгісімен; Анар Сыдығалиева, Батырбек Шамбетов, Болат Ибраев, Ринат Заитов, Тұрсынбек Қабатов, Ербол Есендосов, Айбол Шәкіржанов, Нартай Сауданбеков «Мұхтар Әуезов» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар фестивальде ерекше өнер көрсеткен өнарпаздарға да арнайы жүлделер табысталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button