МӘМС қоры мен «Шипагер» орталығы

29 қаңтарда Елордалық Кәсіпкерлер палатасының атына «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы ЖШС-ден денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мемлекеттік сатып алу шарты бойынша төлемді кешіктіріп жатқаны туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2025 жылғы 2 қаңтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Шипагер» орталығы арасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шарты жасалған. Шартта орталық көрсететін қызметтің сомасы сол сияқты аванс алу мүмкіндігі де көзделген. «Шипагер» орталығы МӘМС қорына жалақы, медициналық қызмет және басқа да шығындарды өтеуге аванс қажет екендігі туралы өтініш жазған. Алайда, аванс төленбеген, бұл жағдай «Шипагердің» медицина қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленіс тудырып отыр (шамамен 350 адам). Жұмыстағы үзіліс пен кедергі халыққа медициналық қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкелді.
Біз елорданың сол жағалауы тұрғындарының 50%-ын медициналық қызметпен қамтамасыз етеміз. Келісім бойынша аванс берілуі тиіс, уақтылы төленуі керек. Біріншіден, мекемені дер кезінде қаржыландыру керек, екіншіден, өткен жылы қаржыландыру бойынша біраз кешіктіру болды, 5 айға дейін созылды, оған да шыдадық. Бізде 362 дәрігер жұмыс істейді, олардың жұмысында іркіліс туындап тұр, – деді Бахыт Жанкубаев.
Өткен жылғы төлемнің кешігуі ақпараттық жүйенің дайын болмауымен байланысты. Ақпараттық жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағындағы ұйым жасауы тиіс еді, бірақ уақтылы жасалмады. Сол себептен төлемді жүргізе алмадық, бірақ маусым айына дейін 50 пайызға дейін аванс беріп отырдық. Маусымнан бастап төлем уақтылы төленді. Кешіктірудің екінші себебі – республикалық бюджеттен қаржының толық түспеуімен байланысты болды. Біздің қор төлейтін қаржы алдымен халықтан МӘМС жүйесіне түседі, кейін бізге аударылады, ал кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қаражат республикалық бюджеттен аударылады, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қалалық филиалының директоры Гүлжан Шайхыбаева.
Көптеген медициналық ұйымдар үшін жағдай өте қиын. Осыған байланысты, көрсетілген қызметтер үшін қордың уақытында төлем жасауы осы процестерге айтарлықтай әсер ететін болады. Әрине, көптеген қатысушылар нарықтан шығып кетуі мүмкін. Бұл жағымсыз әсер етуі мүмкін. Қызметтердің сапасы, мүмкін, төмендеуі ықтимал.
Советінің қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар жіберілді. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді қосымша бақылауға алатынын хабарлайды.