Денсаулық

МӘМС – сапалы медициналық көмектің кепілі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – бұл Қазақстан азаматтарына медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ететін және еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Ендеше, МӘМС жүйесінің қалай жұмыс істейтіні, оның артықшылықтары мен пациенттерге көрсетілетін қызметтер туралы сөз қозғаймыз.

Мақсаты қандай?

МӘМС жүйесі, ең алдымен, халықтың барлығына бірдей медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол арқылы әрбір азамат тексерістен өтіп, сырқаттарын дер кезінде анықтауға және тиісті ем-шараларды қабылдауға мүмкіндік алады. МӘМС азаматтардың өз денсаулығына салмақты қарауына, сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуге және өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды.

 Қандай артықшылықтары бар?

1.Тегін медициналық көмек алу мүмкіндігі: МӘМС жүйесіне тіркелген азаматтар жоспарлы медициналық тексеруден өтіп, диагностикалық және емдеу шараларын тегін ала алады.

  1. Шұғыл көмек көрсету: Жүйе кез келген азаматқа шұғыл көмек көрсетіп, өмірлік маңызы бар жағдайларда қажетті медициналық шараларды қамтамасыз етеді.
  2. Сапалы қызметке қол жеткізу: МӘМС арқылы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңарып, кәсіби мамандардың қызмет көрсету сапасы артады.

Қалай жұмыс істейді?

МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер екі негізгі бағытта жү­зеге асады:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – бұл мемлекеттік бағдарлама, яғни шұғыл және әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға медициналық көмек көрсетіледі.
  2. МӘМС аясындағы қызметтер азаматтарға сапалы медициналық тексерулер мен диагностика, профилактикалық шаралар және күрделі ем-шараларды қамтиды.

Қандай қызметтер қарастырылған?

МӘМС арқылы Қазақстан азаматтары мынадай қызметтерді ала алады:

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (жалпы тексеріс, педиатрия, терапия).
  • Профилактикалық тексерістер (қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау, скринингтер).
  • Диагностикалық тексерістер (МРТ, УДЗ, қан талдаулары және т.б.).
  • Мамандандырылған медициналық көмек (узи, кардиология, неврология және басқа да мамандардың консультациялары).
  • Медициналық оңалту қызметтері.

Азаматтар үшін маңыздылығы не?

МӘМС арқылы әрбір азамат өз денсаулығын тұрақты қадағалап, қауіпті аурулардың алдын алу мүмкіндігіне ие. Ерте диагностика арқасында қатерлі ауруларды бастап­қы кезеңдерде анықтап, емдеу шараларын қабылдау өмірді сақтап қалуға септігін тигізеді.

МӘМС – бұл жай ғана денсаулық сақтау жүйесін жаңарту ғана емес, еліміздің азаматтарына сапалы, қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз етуге арналған қадам. МӘМС арқылы әрбір адам денсаулығын қорғап, медициналық көмекке оңай қол жеткізетін орта қалыптас­тыра алады. Сапалы медициналық қызметті алу – әр азаматтың құқығы, ал МӘМС осы құқықты толықтай жүзеге асырудың басты жолы болып табылады.

МӘМС жүйесіне сенім артып, денсаулығыңызды қорғаңыз!

Айжамал ТӨЛЕГЕНОВА,

«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығының директоры

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button