Елорда тынысы

Мәселе шешілмей, халық қуанбайды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы айтты.

– Апта сайын азаматтарды жеке қабылдап тұрамын. Онлайн-қабылдау барысында нақты және жүйелі мәселелер көтеріледі. Жүйелі мәселелерді шешу арқылы көптеген адамның қиындығын реттеп, оларға көмек көрсетуге болады. Қазір біз биылғы абаттандыру маусымының әрі келесі жылдың да жұмыс жоспарын дайындап отырмыз. Күн райы жылынған сәттен бастап қалада жолдарды, тротуарларды салу және жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталады. Сол сияқты қалада әлеу­меттік нысандардың (мектептер, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), құрылысы ұзаққа созылған нысандардың және т. б. құрылысы жүріп жатыр, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, әкім жылумен, сумен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

«Маңызды бағыттың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау. Бұл өз кезегінде жылумен, сумен жабдықтау, электр және т. б. мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қабылдау барысында түсетін проблемалардың шешілуін назарда ұстаймын. Ал азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталдары немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады» деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button