Мәдениет

Мәшһүр Жүсіп мерейтойына арналды

Қала әкімдігінің орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесіне қарасты №10 көпшілік кітапхана мен №42 орта мектеп бірлесіп, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Сөз өнерінің зергері» атты әдеби кеш өткізді.

Кешке қатысушылар сөз зергері атанған М.Ж.Көпейұлының аңыздарынан көрініс қойып, өлеңдерін оқыды. Бала кезінде молдадан хат танып, азан шақырылып қойылған Адам Жүсіп атына Мәшһүр атының қосақталуы жайлы сахналық инсценировка жасалды.

Кешке шақырылған арнайы қонақтар – Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, ақын, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанов, Астана қаласы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы №57 орта мектебі директорының орынбасары, Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Динара Пазылова, филология ғылымдарының кандидаты, мәшһүртанушы, Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Гүлназ Жүсіпова жас ұрпаққа тың ақпараттар айта отырып, М.Ж.Көпейұлының «Жетпіс бап» және «Мәшһүртану белестері» атты кітапты сыйға тартты. Кітапхана оқырманының қолынан шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының портреті Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы №57 орта мектебінің мұражайына тапсырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button