Мәслихат

Мәслихат депутаттары куәлік алды

Кеше елорданың жаңадан сайланған мәслихат депутаттары куәлік пен төсбелгі алды. Сайланған депутаттардың орта жасы – 46-да. Ең үлкені 63 жаста болса, ең жас депутат – 24-те. Мамандықтары бойынша олардың ішінде 7 заңгер, 9 экономист, 7 инженер, 4 дәрігер, 2 педагог, 2 журналист және 3 депутат басқа маман иелері бар.

Салтанатты шараға дейін Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова жуырда өткен сайлау нәтижесімен бөлісті.

– Мәслихат депутаттарын сайлау өткен жылы референдумнан бастау алды. Бұл сайлау азаматтарындың сайлауға қатысу мүмкіндігін арттыр­ды. Сайлау нәтижесінде қалалық мәслихатқа 34 депутат сайланды. Олардың 50 пайызы – партиялық тізімдер, 50 пайызы бірмандаттық округтер бойынша сайланды. Атап айтқанда, Amanat партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 3 мандат. Сондай-ақ бірмандаттық жүйе бойынша 17 депутат сайланды. Барлық депутаттарға халық сеніміне ие болып, жауапкершілігі мол тапсырмаларды орындау жолында сәттілік тілеймін, – деді Бақыт Бектемісова.

Комиссия төрағасы партия тізімі бойынша және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған азаматтарды жеке-жеке айтып өтті. Аmanat партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы

– Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы

– Жәкенов Берік Оралұлы

– Зейнұлқабден Табиғат

– Каналимов Ерлан Ермекұлы

– Қасымбергебаев Бауыржан ­Тілеубергенұлы

– Мағзұм Арсланбек Талғатұлы

– Сағымбаев Абзал Екрамбекұлы

– Сұлтанқызы Ләйлә

– Оразалина Динара Аманболқызы

– Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы

– Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы

«Ақ жол» демократиялық партия­сы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Ыбраев Қанат Сұлтанұлы

– Құлмағамбетова Жанаргүл ­Жұмабайқызы

– Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы

«Байтақ» жасылдар партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Самамбетов Мәулен Естайұлы

«Қазақстан Халық партиясы» Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша:

– Есенжолов Еркеғали ­Темірғалиұлы сайланды.

Ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша келесідей:

№ 1 сайлау округі бойынша – ­Сергеев Владислав Алексеевич;

№ 2 сайлау округі бойынша – ­Байсеркина Динара Сәтжанқызы;

№ 3 сайлау округі бойынша – Өмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы;

№ 4 сайлау округі бойынша – Әжікенова Мадина Берікболқызы;

№ 5 сайлау округі бойынша – ­Айтқожин Азамат Серікұлы;

№ 6 сайлау округі бойынша – Көпешов Нұрлан Маратұлы;

№ 7 сайлау округі бойынша – ­Женалаева Салтанат Мұқанбетпанақызы;

№ 8 сайлау округі бойынша – Естек Қанат Ғалымжанұлы

№ 9 сайлау округі бойынша – ­Төлеген Бахаргүл;

№ 10 сайлау округі бойынша – Мүслім Нұрлан Сарбайұлы;

№ 11 сайлау округі бойынша – Орынбасаров Азамат Манасұлы;

№ 12 сайлау округі бойынша – Самидин Сәуле Самидинқызы;

№ 13 сайлау округі бойынша – Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы;

№ 14 сайлау округі бойынша – Лория Давид Григорьевич;

№ 15 сайлау округі бойынша – Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы;

№ 16 сайлау округі бойынша – Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы;

№ 17 сайлау округі бойынша – Рахмет Жандос Қанатұлы.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button