Ел тынысы

Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен VIII сайланым депутаттарының кезекті сессиясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Кезекті сессияның «Елордада мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру жағдайы туралы» негізгі мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары Есет Байкен баяндады. Ол 2021-2022 жылдар аралығында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (МШТ) іске асыру artsport.kz. платформасында жүзеге асырылғанын хабарлады. Бұдан кейін әкім орынбасары проблемалық мәселелерге тоқталды. 2023 жылға дейін ваучерлерді беруді тек «artsport» порталы жүргізген, ол Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру ережелерінің 3-тармағын бұза отырып, бөлінген бюджет қаражатынан едәуір асып, екі есе көп ваучер берген, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкелді, ваучерлерді беру уақытша тоқтатылды. Бірлескен жұмыспен қалыптасқан кезекті жою бойынша шаралар қабылданды. Бүгінгі күні оң динамика байқалады. 2023 жылдан бастап бағдарлама damubala.kz платформасында іске асырылуда, ол барлық мемлекеттік органдардың деректерін біріктіреді. Өнім берушілердің балалардың қатысуына қатысты қате деректер беру бөлігінде Ережелерді бұзу фактілері анықталды. Ағымдағы жылы жобаны қаржыландыруға барлығы 14 млрд. теңге қарастырылған. Бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуын болдырмау үшін өнім берушілердің қызметін бақылауды жүзеге асыратын мониторингтік топтар құрылады.

Депутат Сәуле Самидин 2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заңға қол қойғанын атап өтті. Қаржыландырудың жаңа әдісі 2021 жылдың 1 мамырынан бастап енгізілді. Елордада 326 мың бала бар, 575 спорт секциясы жұмыс істейді, спортпен айналысатын балалардың жалпы саны 49388 адам, бұл балалардың жалпы санының 15%-ын құрайды. Самидин бұл жобаны депутаттар қолдайтынын айтты, өйткені ол тұрғылықты жерінен жаяу қашықтықта спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік береді, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыруға ықпал етеді. Тексеру комиссиясы үлкен жұмыс жүргізді, нәтижесінде ваучерлерді қайта бөлудің 1132 фактісі анықталды. ХӘОТ санатындағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жеке кезек құру туралы ұсыныс түсті. Проблемалық мәселелер туралы айта келе, депутат бүгінгі күні платформада бірқатар олқылықтар бар екенін, әлі күнге дейін мемлекеттік органдардың дерекқорларын интеграциялау аяқталмағанын, ваучерлер беруді тоқтату бойынша шағымдар түскенін атап өтті. Өнім берушілердің қызметіне бақылау жоқ, шұғыл түрде цифрландыру қажет, экономикалық есептеулерді негіздеу үшін нақты және дәлме-дәл статистикалық деректер жоқ. Секциялар мен үйірмелердің қызметіне мониторинг жүргізуге қоғамдық бақылауды тарту қажет.

Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бұған дейін депутаттар осы мәселе бойынша бірқатар отырыстар өткізіп, құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайтын жұмыс тобын құрғанын хабарлады.

Депутат Талғат Ерғалиев велосипедтер сағатына 30 км жылдамдықпен қозғалатындықтан және жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндіктен, орталық саябақта веложолдардың орналасуына өзгерістер енгізуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, бұл бөлек жолдар болуы керек. Депутат Владислав Сергеев қазақстандықтар ел атынан өнер көрсетіп, жоғары жетістіктерге жеткен спортшылармен мақтанатынын атап өтті. Алайда, бұл ретте көптеген спортшылар мемлекеттің қолдауынсыз қалып отыр. Мысалы, көркем гимнастикамен айналысатын спортшылардың өз ғимараты жоқ, футболшыларда да жоқ, шаңғышыларда база жоқ. Бірыңғай платформа мәселесі шешілмей келе жатқанынан екінші жыл болды. Депутат секцияларда бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы балалар үшін орындар болуы қажет деген ұсынысты қолдады. Ол мәслихат төрағасының үш жылдық жоспарлар жасау туралы ұсынысын еске салып, спортта да осындай жоспар болу керек деген пікір білдірді. Қажет болса, жұмыс тобын құрып, өз есебінен спорттық инфрақұрылым салатын инвесторларды табуға болады. Спорт басқармасындағы бюрократияға қатысты шағымдар бар, бұл өнім берушілердің жалақысының кешіктірілуіне әсер етеді.

Бауыржан Смайылов кезекті сессияға дайындық шеңберінде депутаттар секциялар мен үйірмелердің жұмысымен танысқанын айтты. Депутаттың айтуынша, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа орасан зор қаржы бөлінеді, қаражат тиімді жұмсалуы тиіс.

Мәслихат төрағасы жұмыс тобы құрылғанын хабарлап, шұғыл ұсыныстар енгізуді сұрады, өйткені 15 сәуірге дейінгі мерзімде ұсыныстарды уәкілетті органға енгізу керек.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен Асқар Смағұлов сөз сөйледі. Ол Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылғы қызметі туралы баяндады.

Мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығарылған барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button