Мәжіліс Astana Hub технопаркіне қатысты құжатты талқылайды
Жақында Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды. Бұл құжат палатаның қарауына келіп түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Аталған заң жобасы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру үшін әзірленді. Заң жобасы «Инновациялық технологиялар паркі» кластерлік қорын және Astana Hub технопаркін біріктіруге, сондай-ақ оның қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық алаң құруға, венчурлық қорларды қаржыландыру кезінде конкурстық іріктеуді әрі тиімділікті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бұрын Astana Hub технопаркі Инновациялық технологиялар паркімен біріктірілетіні хабарланған еді.