Ел тынысы

Мәжілісте жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды

Мәжілісте салалық министрліктер мен сарапшылардың қатысуымен жасанды интеллектіні қолдану және реттеу мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– Егер біз ұлт ретінде бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, жасанды интеллект саласындағы инновацияларды белсенді дамытып, қолдау көрсетуіміз керек. Ол үшін ең алдымен заңнамалық негіз қажет. Сондықтан Мәжіліс депутаттары біраз уақыт тиісті заң жобасын дайындады. Оның басты мақсаты – саланы дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ осы саладағы құқықтық қатынастарды нақты анықтау, – деді жиынды ашқан Асхат Аймағамбетов.

Өз кезегінде Екатерина Смышляева Мәжілістің жасанды интеллектіні заңнамалық реттеудегі тәсілдеріне тоқталды. Оның айтуынша, Мәжіліс жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық қағидаттарын, платформаның жұмысын реттеуді және осы саладағы саясатты айқындау құзыретін қамтитын жеке заң жобасының бөлігі ретінде арнайы регламент әзірледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков және басқа да мамандар сөз сөйледі.

Мәжіліс жұмысының аясында және кәсіби міндеттеріміз аясында біз барлық салада жасанды интеллект технологиясын қауіпсіз және тиімді енгізу үшін құқықтық жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен, салалық министрліктермен бірлесе жұмыс істейтін боламыз, – деп түйіндеді Е.Смышляева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button