Білім

Магистратураға – 7 мың өтініш

Қазақстандықтарды магистратураға екінші рет қабылдау кезінде 6778 адамнан өтініш түсті. Ал докторантураға оқуға 700-ден астам өтініш берілген.

[smartslider3 slider=1119]

– Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі енді үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжаттар тапсыра алады деген шешім қабылдаған болатын. Бұл жаңалыққа қандай да бір себептерге байланысты алғашқы қабылдау науқанында өтініш беруге мүмкіндігі болмаған мыңдаған қазақстандық қатты қуанды. Енді тестілеуді сәтті тапсырған 7 мыңға жуық үміткер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды жеңіп ала алады, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Магистратураға кешенді ­тестілеу және докторантураға түсу емтихандары 2-11 желтоқсан аралығында өткізіледі. TOEFL ITP тестінің нәтижелерімен докторантураға түсушілер ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуден өтеді. Ол емтихан тапсырғанға дейін өткізіледі. Тест тапсырмаларының жалпы саны 100 сұрақтан тұрады. Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «өтті» немесе «өткен жоқ» нысанында бағаланады. «Өтті» бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Магистратура мен докторантураға қабылдау 2021 жылдың 26 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button