Қоғам

«Махаббат әуелі адамның адамдығы…»

Астана қаласының 98 мектеп-лицейінде «Махаббат әуелі адамның адамдығы…» тақырыбы аясында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай 8-11 сыныптар арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» әдеби сайысы өтті.

Әдеби сайыстың ашылуында ардагер ұстаз Светлана Мағазқызы ақ батасын беріп, шашумен бастады. Мектептің жас ұстаздары махаббат поэзиясын оқыса, «Жас екпін» ансамблі махаббат күйін көпшілікке орындап берді. Әдеби сайысқа қатысқан жұптар ерекше дайындықпен келген. Қатысушылар танысырылым, ұлттық өнерді, ұлттық киімді насихаттау, Абайдың қарасөздерін жатқа айтып, өмірбаяны мен шығармашылығынан сұраққа жауап беріп, креативті махаббат афишасын құрастырып жарысты.
Сонымен, жүзден жүйрік шыққан әдеби сайыста үшінші орынды Ернұр Мырзақозы мен Айжаным Жансеитова иеленді. Аталмыш жұп дефиле көрсетуде заманауи сән мен дәстүрді салтанатты үйлестіре білді. Қазақ қызына тән ибалығы мен жігітке тән қайратын көрсеткен Ершат Молдабек пен Айым Әзімхан жүлделі екінші орынды иеленсе, бір-біріне тамаша жұп бола білген Ернар Ақанай мен Ақниет Серікбай 1-орынды жеңіп алды. Ал Абайдың қара сөздерін нақышына келтіріп орындаған, өз өнерін көрсетуде театрландырылған көрініс арқылы көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Сакен Сапаралы мен Назерке Нұртазина бас жүлдені қанжығасына байлады.

«Әдеби сайыстың мақсаты – оқушыларға Абай шығармашылығын насихаттаумен қатар, адамзаттың туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың махаббаты – таза, мөлдір, мәңгілік болатынын көрсету, үйрету» дейді ұйымдастырушылардың бірі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дамеля Толоухан.
Жеңімпаздарға Абайдың кітаптары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Мектеп директоры Гүлнұр Оспанова өзінің құттықтау сөзінде осындай мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін Абайдың махаббат концепциясымен байланыстыра отырып, адами тұрғыдағы махаббатты оқушыларға жеткізе білген ұстаздарға, яғни Дамеля Толоухан, Жұлдыз Тұрсынбекова және Анаргүл Каленоваларға алғысын білдірді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button