Жаңалықтар

«Махаббат» машақаты

Кеше Астанадағы «Махаббат» тұрғын үй кешені төңірегінде өрбіген дауға байланысты баспасөз мәслихаты өтіп,  «Агрофирма «Казэкспортастық» ЖШС  заң бөлімінің жетекшісі Максим Игнатович пен «ҚазАгроХолдинг» ЖШС өкілі Алтай Дүйсенов журналистерге мәселенің мән-жайын түсіндірді.Жақында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің бір топ тұрғыны наразылық шарасын өткізген болатын. Олардың айтуынша, 2009 жылы тұрғын үй кешенінен жалға алу арқылы сатып алу құқығымен пәтер алып, баспана қожайынына ақша төлеп келген. Кейін үй басқа компанияға сатылып кеткен кезде жаңа қожайын оларға пәтерді босатуды талап еткен.
Мәселенің мәніне үңілсек, 2006 жылы «Агрофирма «Казэкспортастық» ЖШС «Махаббат» тұрғын үй кешенін тұрғызып жатқан «Азбука Жилья» компаниясымен үлестік қатысу туралы келісімшарт жасасады. Кейін 63 пәтер мен жапсарлас салынған 20 ғимарат үлестік қатысушының қолына өтеді. «Бізге берілген пәтерлерге ол кезде жөндеу жұмыстарын жүргізген жоқпыз. Үйлер сыланбаған күйде тұрды. Ал 2011 жылы осы пәтерлерде белгісіз бір адамдар тұрып жатыр деген хабар алдық. Көп ұзамай әлгі адамдардың арасынан бастамашыл топ біздің Көкшетаудағы кеңсемізге келіп, жалдап алу жөніндегі келісімшарт жасасуды ұсынды. Әрине, біз келіскен жоқпыз», – дейді «Агрофирма Қазэкспортастық» ЖШС-нің заң бөлімінің жетекшісі Максим Игнатович.
Аталмыш кәсіпорын қаржылық қиындыққа байланысты пәтерлерді былтыр«КазАгроХолдинг» ЖШС-не сатады. Үйдің жаңа қожайыны заңсыз тұрып жатқан азаматтарға пәтерді босатуын талап етеді. Дау осыдан өрбиді. Тұрғындардың уәжіне сенсек, «Агрофирма «Казэкспортастык» деген кәсіпорынның өкілі М.Мұқатаев олармен пәтерді 2015 жылға дейін жалға алып, әрі қарай сату туралы келісімшарт жасасады. Кейін әлгі азамат тұрғындардың қолындағы келісімшартты «басшылыққа қол қойғызамын» деген желеумен жинап алған. Қазір тұрғындардың қолдарында сөздерін растайтын не келісімшарт, не пәтердің жалға алу құнын төлегенін растайтын түбіртек жоқ. Ал сот шешімі «КазАгроХолдинг» ЖШС-нің пайдасына шешілді. Енді кәсіпорын өкілдері «сот актілерінің негізінде тұрғындар пәтерлерді босатуға тиіс» деп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button