Мәдениет

«Махаббат по расчету»

6-7 қазан күндері «Жастар театрының» төрінде режиссер Сұлтан Сраиловтың «Махаббат по расчету» криминалдық драмасы қойылады.

mahabbat-po-raschetu

Бір қызығы, актерлік құрам тек бес адамнан жасақталған. Басты рөлдерді Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаттары – Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов, Гүлбаһрам Байбосынова, Дәстен Шәкіров және Динара Абдуллина сомдайды. Барлығы көрерменді сендіріп, талай рөлдерді абыроймен алып шыққан жас актерлер. Ал қойылымға Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Әбдіқалықов продюсерлік етті.

Пьеса саяжайға демалуға келген қала жастарының басынан өткен шытырманды оқиғаны баяндайды. Достыққа берік, махаббатқа адал болуға уәде берген жандар әп-сәтте өзгеріп шығады. Бір түннің ішінде өмірінің астаң-кестеңі шыққан кейіпкерлердің кейпі қандай болмақ? Есеппен құрылған махаббаттың ескегі қайда апарады? Толассыз сұрақтардың жауабын қойылымнан табасыз.

Басталуы: сағат 17:00 және 19:00-де.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button