Мәдениет

Махаббаттың мұңлы әні  

1904 жылғы алғашы қойылымы сәтсіз өтсе де, одан кейінгі жаңа редакциясымен елді таң қалдырған, әлемде ең көп сахналанатын Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсы 12 наурызда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында қойылады. «Астана Опера» симфониялық оркестрін қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың өзі басқарады. Қойылымның жаңалығы – операның басты кейіпкері АҚШ әскери офицері Лейтенант Ф. Б. (Франклин Бенджамин) Пинкертонның партиясын Алматыдан шақырылған солист Балуан Беркенов орындайды.

Театр сүйер қауымға Мадам Баттерфляй деген бүркеншік атпен белгілі 15 жасар Чио-Чио-санның хикаясы жақсы таныс. Жапон гейшасы ес-түссіз ғашық болып Пинкертонға күйеуге шығады. Той үстінде гейшаның ағасы бабалар дінін сатып, өзге дінді қабылдап,  бөтен жерлікке тұрмысқа шыққаны үшін қарғайды. Пикертонның сезімі ұзаққа жетпейді,  өз еліне оралып, сол жақтан үйленіп, жарымен бірге Жапонияға қайта оралады. Көгілдір көзді ұлын құшақтап қалған гейша амыстан өрткеніп, өзіне қол салады.

– Бұл менің театр ұжымымен алғаш рет жұмыс істеуім, осы сахнада өнер көрсету мен үшін үлкен абырой. Театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевпен спектакльдерде бірлесіп жұмыс істеудің сәті түспеген еді, алайда мен маэстроның шығармашылық қолтаңбасына зор құрметпен қараймын және бірлескен жұмысымыз нәтижелі болатынына сенімдімін, – деп пікірін қосты әнші Балуан Беркенов. Партияның орынадаудағы ең күрделісі оның қаскүнем емес, тек бар болғаны бұл некені ойын көретін өз мәдениетінің адамы ретінде жеткізу дейді әнші.

Сонымен, 12 наурызда өтетін Мадам Баттерфляй операсына қызу дайындықтар жүріп жатыр. Ұлпан Әубәкірова,Татьяна Вицинская, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерілері Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Елена Ганжа секілді және басқа өнер майталмандарымен жаңа образда көрермендерімен қайта қауышады. Бейімбет Таңарықов,  Айгерім Аманжолова, Лейла Аламанова алғашқы дебютімен сахнаға шығады.  Еске сала кетейік, бұл спектакльдің қоюшы режиссері – Лоренцо Амато, декорацияларды заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерио жасаған, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Айгүл УАЙС

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button