Мәдениет

Махаббаттың үш хикаясы

Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні күніне орай «Астана Опера» театрында «Махаббаттың үш хикаясы» романтикалық атауымен симфониялық музыка кеші өтті. Бағдарламада әйгілі композиторлар Тілес Қажығалиев, Петр Чайковский және Эдуард Элгардың туындылары орындалды. Шығармаларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі ұсынды. Виолончель партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Шәкіров орындады.

[smartslider3 slider=2709]

Екі бөлімнен тұрған кешті Т.Қажығалиевтің аяқталмаған «Дала аңызы» балетінен сюита ашты. Бұл шығарманы композитор қос ғашық – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу драмалық оқиғасының желісі негізінде жазғаны белгілі.

Кешті ағылшын композиторы Эдуард Элгардың оркестр мен виолончельге арналған концерті жалғастырды. Оның премьерасы 103 жыл бұрын Лондонда автордың жетекшілігімен өткен болатын. Британиялық маэстро өзінің күйінішін, ауыр дертке шалдыққан жан жарына деген терең сезімін музыка тілінде өрнектеген. Оны үлкен аудиторияның алдында орындау асқан шеберлікті талап етеді.

Бұл күні тыңдарман Петр Чайковскийдің де шығармашылығына бойлай алды. Концерттің екінші бөлімінде оркестр ұлы композитордың «Алтыншы симфониясын» орындады. Автордың өзі атап өткендей, ол осы симфонияға «асыра сілтеусіз, бүкіл жанын салды». Композитордың өзі бұл симфонияны барлық шығармаларының ішінен ең үздігі деп есептеп, оған үлкен мән берген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button