Мәдениет

Майдан хаттарын жаңғыртты

Бейбітшілік және келісім сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Талғат Бигелдиновтің, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Майдан хаттары» атты концерт-спектакль өтті. Концертті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов арнайы келіп тамашалады.

[smartslider3 slider=2942]

Концертте Мәншүктің хаттары, Әзілхан Нұршайықовтың күнделігінен естеліктер және майданнан жазылған басқа да хаттар оқылды. Талғат Бигелдиновтің телеарналардың біріне берген сұхбаты көрсетілді. Белгілі әртіс­тер – Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әділ Ахметов сұрапыл соғыстың тарихи парақтарын ақтарып, сол жылдардың естелігін жаңғыртты. Сахналық қойылымдар LED экранда салынған графикалық суреттермен безендірілді. Сол арқылы көрермендер майдан алаңы мен тылдағы тіршілікке бойлады.

Кеште соғыс жылдарындағы ержүрек жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қарапайым еңбек адамдарының өмірі мен тағдыры бейнеленді. Ардагерлерге құрмет көрсету, тарихқа тағзым ету, бейбітшілікті сақтауға үндеген концертте Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева, Азамат Жылтыргөзов, Талғат Мұсабаев, Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Жақсыгелді Маясаров, Рухия Байдүкенова, т. б. белгілі әншілер, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар» театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері өнер көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button