Қоғам

Майдангерді марапаттады

Ұлы Отан соғысының майдангері Рзағұл Байкешевке «Сағадат Нұрмағамбетов – 100 жыл» медалі табыс етілді.

Астана қаласында тұратын майдангер Рзағұл Байкешев былтыр 100 жасқа толған. Бүгінде немересі Талғатпен, шөберелерімен бірге тұрады. Ардагер тұратын үйдің қабырғасындағы «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев тұрады, Жеңіс үшін рақмет!» деген құрмет тақтайшасы алыстан көз тартады.

Соғыс ардагеріне  «Қазақ­стан Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы Мұқтар Алтынбаев қол қойған «Сағадат Нұрмағамбетов – 100 жыл» медалін Астана қаласы Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин салтанатты жағдайда табыс етті. Ғасыр жасаған майдангер үйіне арнайы келіп, марапат жасаған азаматтарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Баянды ӘЛПИ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button