Жаңалықтар

МАЙДАНГЕРЛЕР МЕРЕЙІ

pravmin74.ru

Есіл ауданының әкімдігі бір топ майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін жинап, оларға Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль тапсырды.

Берлинге дейін жеткен Қадан Бекенов, Курск иініндегі шайқастың куәгері Зинаида Берниязова, 1-ші Беларусь май­данында жаумен арпа­лысқан Иван Ботев, снайпер Николай Глазков сынды май­дангерлерге, елде қалып, ауыр еңбекке жегіліп, Ұлы Же­ңіс­ке өлшеусіз үлестерін қос­қан Сейітнұр Серғалиев, Қа­секен Жаппастайқызы және бас­қа­ларына  салтанатты жағ­дайда медальдар табыс етілді.

Ұлы Отан соғысы май­дан­герлері мен тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған медальдармен марапаттау рәсімдері әлі де жүргізіліп жатыр.

 Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button