9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

Майдангерлерді құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.

[smartslider3 slider=2950]

«Бұл мерекенің тарихымыз­дан алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрды.

Ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтадым. Василий Антонович Сердюков биыл 96 жасқа келеді. Соғыс уақытында Минск, Варшава, Познань секілді өзге де қалаларды жау қолынан азат етті. Соғыстан кейін теміржол станциясында еңбек етті. Өзінің кәсібилігінің арқасында басшылық қызметтерді де атқарды және теміржол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Ырзағұл Байкешев биыл 99 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария соғыс заманында Польша, Венгрия, Румыния елдерін басқыншылардан босатты. Соғыс­тан кейін Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде экспедитор болып қызмет етті.

Михаил Васильевич Калинин соғыстан кейін темір жол саласында жұмыс істеді, сол сияқты қаланың маңызды нысандарының құрылысына, атап айтқанда, Тың игерушілер сарайы, бірінші стадион, ЖЭО, әуежай және басқа құрылысқа атсалысты.

Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерінің, қатысушысының қайғы мен мұңға да, қуанышқа да толы естеліктері бар. Олардың ауыр, «соқтықпалы, соқпасыз» өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі болып қалмақ. Батыр­ларымызға қамқорлық көрсету, ерліктерін, есімдерін ұлықтап, құрмет көрсету – бүгінгі біздің басты парызымыз.

Елордамызда ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге батырларымызды еске алдық.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Жеңістің 77 жылдық мерекесі құтты болсын!» деді елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button