Елорда тынысы

Маймыл шешегіне медициналық ұйымдар дайын

Астанада маймыл шешегі пайда болған жағдайда ауруханалар, жұқпалы аурулар стационары мен зертханалар дайын, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұған дейін хабарланғандай, әлемдегі маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ел шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

«8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында күдікті пациенттер қауіпті инфекцияларды елге әкелуі мүмкін болатын жағдайда денсаулық сақтау объектілері, шұғыл медициналық көмек бригадалары және инфекциялық стационарлар толық дайындалды. Дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорлары қамтамасыз етілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары қажетті диагностикалық тест жүйелерімен жабдықталды.

Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылануда. Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Комитет халықты алдын алу шаралары туралы үнемі хабардар етуде және гигиенаның негізгі ережелерін сақтауды ұсынады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, маймыл шешегі және бұл аурудың Қазақстанға әкеліну жағдайлары анықталған жоқ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button