Қоғам

Макроэкономикалық талдау бойынша оқыту семинары басталды

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бастамасымен Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамытудың Өңірлік орталығы (ССАМТАС) және Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп ұйымдастырылған макроэкономикалық талдау, қаржылық бағдарламалау және саясат тақырыбында бес күндік курс басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Семинар қатысушыларына ұсынылатын оқыту бағдарламасы Comprehensive Adaptive Expectations Model секілді озық құралдарды тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Агенттік Төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеевтің айтуынша, бұл білім экономикалық саясаттың өзгерістері мен сын-қатерлердің әсерін дәл бағалауға, болжауға және тиімді түрде ден қоюда пайдалы болады.

«Біз бұл курс еліміздің экономикалық стратегиясын әзірлеумен айналысатын мемлекеттік қызметшілер мен сарапшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Барша қатысушыларға нәтижелі жұмыс, қызықты пікірталастар мен тәжірибе алмасуды тілеймін» – деді Сырымбет Қаскеев.

Анықтама үшін:

CCAMTAC – Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия өңірі үшін әлеуетті дамытудың Өңірлік орталығы Халықаралық валюта қоры, тоғыз мүше ел (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) мен даму жөніндегі әріптестердің бірлескен жобасы болып табылады. Орталықтың қызметі аймақтық қажеттіліктерді ескере отырып, техникалық көмек көрсету, практикумдар мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ әріптестік оқыту жүйелерін дамыту арқылы әлеуетті арттыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button