Ел тынысы

Мал өлексесін өртеуге арналған инсинератор алдыртып жатыр

Ақтөбе өңірі мал өлексесін өртеу үшін Астанадан инсинератор алдырып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ақтөбеде алдын ала есеп бойынша 3 мыңнан астам мал қырылды. Қазір оны жою жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбе облысы бойынша суға кеткен аудандардағы ауылдарда мал шығыны әлі есептеліп жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, мыңнан астам мал жинап, жойылды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

– Қазіргі кезде біз 3 мыңнан астам мал басын анықтап отырмыз. Үш түрлі тізім жасалып жатыр. Біріншісі, құжаттары түгел, тізімге алынған, өлімтігі бар, көзбен көріп тұрған мал. Екіншісі, өлімтігі бар, тізімде бар, бірақ сырғасы жоқ, түсіп қалған. Үшіншісі, суға ағып кеткен мал. Қалай анықталып, қалай қайтарылатыны алдағы уақытта шешіледі. Ал өлексені жинау жұмыстарын ветеринар мамандар атқарып жатыр. Кеше 1223 бас жинап, жойды. Бізде инсинератор бар. Сонымен өртейді. Оның қуаты аздау болған соң Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің тапсырмасымен Астанадан 3 тонналық инсинератор алдырып жатырмыз. Жеткізілгенде қалған өлексені жинап, өртеуге мүмкіндік болады, – деді Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Оның айтуынша, қазір су тасқыны болған барлық ауданда мал өлексесі жиналып жатыр. Кейбір ауылда жер кеппей, бұл жұмыстарды атқаруға кедергі келтірді.

Айта кетейік, мал шығыны республикалық бюджет есебінен өтелуі мүмкін. Болжам бойынша шығын көлемі 2,2 млрд теңге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button