Руханият

Малайзияда Абай күні аталып өтті

 Абай күніне орай Малайзияның Ұлттық кітапханасында өткен іс-шара барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Малайзияның Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Чарльз Брилле кітапхананың Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін білдіріп, Куала-Лумпур мен Алматы арасында тікелей рейстің ашылуымен жергілікті халықтың Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Малайзияның Ұлттық кітапханасында ҚР Елшілігінің қолдауымен 2012 жылдан бастап Қазақстанның бұрышы бар. Елшілік кітапханаға қазақ ақыны және философы Абай Құнанбаев бейнеленген кәдесый тәрелкесін сыйға тартты.

Сонымен қатар Абай күнін мерекелеу аясында малайзиялықтардың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін қазақ тілінде оқуы ұйымдастырылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button