Білім

Мамандықтар сұрыпталды

Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сай келуі үшін жасалған.

[smartslider3 slider=1118]

Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеу­ші, шам жасаушы, гувернер, юрис­консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ «білім беру ұйымының зертханашысы», «Патенттану» және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

– Басты мақсатымыз – зама­науи сұраныстарға сай болу. Еңбек нарығына мониторинг жүргізіп, жұмыс берушілермен және салалық қауымдас­тықтардың өкілдерімен кездес­тік. Солардың ұсыныстарымен қазақстандық колледждерде «Робототехника және ендірілген жүйелер», «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы», «Өндірістің аддитивті технологиялары», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Графикалық және мультимедиалық дизайн», «Тас өңдеу өндірісі», «Ландшафтық дизайн», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Дестинацияны басқару», «Құрылыстағы сметалық іс», «Еңбекті қорғау және технология­лық процестердің қауіпсіздігі» және басқа да жаңа мамандықтар оқытылатын болды, – дейді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button