Жаңалықтар

МӘМС: 2022 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 5,6 млрд теңгеден аса жарна түсті

«Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған. Ал осы жылдың маусым айында елордалықтардан 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен. Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 131,5 млрд теңгені құрайды» деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

[smartslider3 slider=3447]

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың маусым айында 5,6 млрд теңгеден аса жарна түсті. Оның 3,2 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің, ал 2,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлердің аударымы.

2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған (оның 17,2 млрд теңгеге жуығы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 11,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна).

Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында 13506 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу­шілерден түскен МӘМС жарналары 65,3 млн теңгеге жуық соманы құрайды, ал осы жылдың маусым айында 8150 БЖТ төлеу­шіден 10,9 млн теңгеге жуық жарна түскен.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі» дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда:

* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

* @saqtandyrybot телеграм-­боты;

* 1406 байланыс орталығы;

* қордың fms.kz сайты кері байланыс арналары арқылы қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шаралар қабылдайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Нұр-Сұлтан қаласы

бойынша филиалының ­баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button