Денсаулық

МӘМС-пен қандай көмек аламыз?

Елімізде медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілгені белгілі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аталған жүйе бойынша қандай медициналық көмектерді тегін алуға болатыны туралы ақпарат берді.

[smartslider3 slider=2065]

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша 838 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылмаған азаматтарға да көрсетіледі, оған шұғыл жағдайларда медициналық көмек, учаскелік маманның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, т.б. кіреді (толық тізбемен Қор сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/press-center/press-relizy/34732/). МӘМС бойынша тізбеде медициналық көмек «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет жарна төлейді. Бұл адамдар сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алуы тиіс.

МӘМС бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне мыналар кіреді: тәулік бойғы стационарда ауруларды емдеу және диагностикалау. Бұл жерде біз барлық аурулар бойынша медициналық көмек туралы айтамыз, соның ішінде қымбат тұратын оталар, мысалы, кардиологиялық, ортопедиялық, есту органдарына жасалатын операциялар және т.б. Диагностика және емдеу хаттамаларында көзделген барлық аурулар бойынша медициналық оңалту;   Скринингтік зерттеулерді, операцияларды және т.б. жүргізу кезінде биоматериал жіберілетін гистологиялық, цитологиялық және басқа да зерттеулерді қамтитын патологиялық-анатомиялық диагностика; транспланттау кезіндегі диагностикалық зерттеулер; Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

 «Сақтандырылған тұлға мәртебесіне ие бола отырып, пациент медициналық қызметтердің көптеген түріне қол жеткізе алады. Бейінді мамандардың қабылдауы, әртүрлі талдаулар, КТ, МРТ, УДЗ, рентген, ЭКГ секілді құны қымбат зерттеулер, көптеген аурулардың диагностикасы, оңалту қызметтері, жоспарлы операциялар МӘМС тізбесіне кіреді. Яғни, бұрын ақылы негізде көрсетілген қызметтерді сақтандырылған азаматтар қазір тегін ала алады» деп түсіндіреді Қордың елорда филиалының баспасөз қызметі.

«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 айдың жарнасын төлеу қажет, ал БЖТ төлеушілерге соңғы айларда, соның ішінде ағымдағы айларда үш рет уақытылы төлем жасалуы жеткілікті. БЖТ төлеушілер үшін сақтандырылу мәртебесі төленген айдың соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін есте сақтау қажет, мысалы, егер МӘМС үшін төлем ақпан айында болса, онда 1 наурыздан бастап БЖТ кезекті төлемін жасамаса, адам сақтандырылмайды. Егер ағымдағы кезеңде немесе алдын ала төлем болмаса, мәртебе жоғалады және оны қалпына келтіру үшін БЖТ-да үшінші бірізді төлемнің басталуын қайтадан күтуге тура келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми  сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және  Telegramдағы  SaqtandyryBot.

«ӘМСҚ қоры» КЕАҚ  Нұр-Сұлтан қаласы  бойынша филиалының

баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button