Жаңалықтар

Мамыр – жаңбырлы маусым

Мамыражай мамыр айының ортасы жауын-шашынға толы болып, еліміздің солтүстік өңірлерін әбігерге салып жатқаны анық. Әсіресе, оның еліміздің бас қаласы – Астанада тәулік бойы шелектеп жауған жаңбырдың салдарынан қаланың кейбір шеткері орналасқан аудандарындағы жеке үйлер мен жол бойын су алып, өткел бермес тасқынға айналғаны бәрімізге аян. Сондықтан, осындай кездейсоқ апаттың алдын алу үшін Астана қаласы әкімдігі қажетті барлық шараларды жасап жатыр. Ол туралы қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Павел Кулагин мәлімдеді.

– Өздеріңізге мәлім, осы айдың 16-21 күндері жауын-шашын мөлшері бір айлық нормадан асып, қаланың бірнеше көшесі мен үйлерін су алды. Бүгінгі таңда аталған жерлерде тәулік бойы суды сору жұмыстары қауырт жүргізілуде. Төрт күннің ішінде Астана қаласында 45 мың текше метр су сорылды. Ал 20 мамыр күні 11 591
мың текше метр су тазартылды. Бү­гінгі таңда қала көшелерінде 215-ке жуық арнаулы техника жұмыс іс­теуде.
Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынды ауа-райы Ас­тана қа­ласында апта соңына дейін сақтал­мақ. Сондықтан, тағы да қосым­­­ша тех­ника тартылмақ, – деді П.Кулагин.
Жаңбырдың үздіксіз жаууына байланысты «Западный», «Газмаш­аппаратуры» саяжайларындағы үйлерді судан сақтау үшін Есіл өзені арнасының бойымен екі жерден қорғаныс орнатылды. Төрт күннің ішінде өрт сөндіру және азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің күшімен 14 872 м³ су сорылып алынды, 3450 құмға толы ыдыс-қап қойылып, жеке құрамнан 65 адам және 12 техника жұмылдырылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button