Мәдениет

Мәнерлеп сырғанаушылар мерекесі

Елордада мәнерлеп сырғанау­дан Nur-Sultan Open ашық чемпионатының жүлдегерлері анықталды.

[smartslider3 slider=1097]

«Алау» мұз сарайында өткен  балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысты. Жеке разрядтағы жарыс­тар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылармен қатар Теміртау, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Алматыдан 300-ге жуық жас спортшы қатысты. Жас мәнерлеп сырғанаушылардың өнерін арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалады. Ашық чемпионатқа қатысушы командалардың өкілдері жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Жалпы «Алау» айдынында өткен мәнерлеп сырғанаушылар жарысы үлкен спорт мерекесіне айналғандай болды.

Бір айтарлығы, чемпионат офлайн және YouTube-те онлайн түрде де өтті. Ашық чемпионаттың жүлдегерлері: Жасөспірімдер санаты, қыздар: 1-орын – Мария Полехина; 2-орын – Мария Сосновская; 3-орын – Айша Қонақбай. 2016 ж. жас мәнерлеп сырғанаушы, қыздар: 1-орын – Арвина Құрман­бае­ва; 2-орын – Элиза Ким Қалменов; 3-орын – Рания Калменова. 2 спорттық разряд, ұлдар: 1-орын – Станислав Коршиков; 2-орын – Тимур Адылханов; 3-орын – Темірлан Якияев. 2 спорттық разряд, қыздар: 1-орын – Карина Шеина; 2-орын – Аделия Шегай; 3-орын – Айлана Мейрамбек. СШҮ қыздар: 1-орын – Зере Сарбалина; 2-орын – Вероника Ким; 3-орын – Лия Мусина. СШҮ ұлдар: 1-орын – Никита Кривошеев; 2-орын – Артур Смағұлов; 3-орын – Абай Садықов. 1 спорттық разряд, қыздар: 1-орын – Амина Абельдинова; 2-орын – Жансая Татамбай; 3-орын – Ярослав Матвеева. 1 спорттық разряд, ұлдар: 1-орын – Рафаэль Ни; 2-орын – Амирлан Құсайынов. МС әйелдер: 1-орын – Ясмин Текик; 2-орын – Анна Левковец; 3-орын – Ева Набоженко.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button