Қала тіршілігі

Маңызды мәселелер талқыланды

Есіл ауданының активі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Жиынға аудан әкімі Төлеген Закарьянов пен Астана қалалық мәслихат депутаттары, аудан құрылымдарының басшыла­ры, аудандық Ардагерлер ұйы­мының активі, сондай-ақ, бі­лім беру, денсаулық сақтау, мә­дениет, спорт мекемелерінің және құрылыс компаниялары өкілдері қатысты.
Президент өз Жолдауында халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейім­делген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қа­зақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы туралы негізгі 6 бағытты айтқан болатын.
Жиын барысында сөз ал­ған Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма­сының басшысы Ермек Оспанов, №2 көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Мағзұмова және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жазира Жылқышиева сынды спикерлер тұрғындарды жұмыспен қамту, сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қам­тамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту, тұрғын үй қорын тиім­ді басқару, мемлекеттік аппаратты жаңғырту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты мәселелерді қозғады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button