Экономика

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

Астана қаласының әкімдігінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қарастырылған жобаларды үйлестіру кеңесінің мүшелері жан-жақты сараптан өткізді.

Елорда аумағы үлкейген сайын қоғамдық көлік қызметіне сұраныс артып келеді. Бұрынғы ескі автобустарын жаңаға ауыстырған «№2 автобус паркі» ЖШС техникалық қауіпсіздік мәселесін сақтауға баса мән беріп отыр. Сондықтан халық мұқтажын өтеуге бағытталған жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ал «АЖЭГ-Астана» серіктестігі өндіріске қатысты заттарды тасымалдамақ. Бірақ, олардың «КамАЗ» жүк көлігі Ресейдікі екен. Негізі, бұл автомашина біздің елде де шығарылады. Үйлестіру кеңесі осы жағын ескертіп, жобаны қаржыландыруға келісім берді.

«Мир круп» серіктестігі алдағы мерзімде индустри­ал­ды парк аумағынан макарон өнімдерін әзірлеп шығар­мақ­шы. Бұл өз кезегінде сырттан тасымалданатын зат­тар­ға бел­гілі мөл­шерде тосқауыл қоятыны дау-сыз. Соны­мен бірге елордада жақын арада пластика­лық терезелер жұртшылық қолына тиетін болады.

Барды ұқсата біліп, оны өткізу бүгінгі нарықтың басты талабы. Сондықтан, үйлестіру кеңесінде қаралған қағаз өнімін дайындау жобасы талаптан табыла алмауы себепті, қайта пысықтауға жіберілді.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button