Елорда тынысы

Маңызды жобалар қаралды

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында бірнеше нормативтік құқықтық акт жобасы қаралып, күн тәртібінде 5 мәселе көтерілді. Отырысқа кеңес төрағасы Зұлпыхар Ғайыпов жетекшілік етті.

Атап айтқанда, Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев баяндады.

– Астана қаласының бюджетін нақтылау ҚР Бюджет кодексінің 106-­бабына сәйкес өткізу ұсынылып отыр. Кірістер бойынша ағымдағы жылдың түсімдерін негізге ала отырып, жалпы түсімдерді 3,7 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Салықтық емес түсімдерді 2,6 млрд теңгеге азайту ұсынылды. Сонымен қатар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспарды 1,5 млрд теңгеге кеміту ұсынылуда, – дей келе, ол шығыстар бойынша да өзгерістер туралы мәлімет берді.

Одан әрі Астана қаласындағы көші-қон процесін реттеу қағидасын бекіту туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб баяндаса, Астана қаласы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов баяндады. Елорданың су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы қаулыға өзгерістер енгізу Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Ерлан Бердалин және қала бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын құру туралы Астана қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Жанасыл Шаукентаев сөз сөйледі. Әр баяндамашыға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button