Мәслихат

Мақсат – елді ­дамыту, ­азаматтардың өмірін жақсарту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елді дамыту және азаматтардың өмірін жақсарту бойынша тапсырмаларды берді.

Жолдаудың негізгі бағыттары ретінде экономика, әлеуметтік саясат, инфра­құрылым, экология, мемлекеттік басқару және құқық қорғау мәселелері айтылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикаға тәуелді салаларды дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл мұнай мен газға тә­уелділікті азайту үшін керек. Бүгінгі таңда IT, «жасыл» технологиялар және ауыл шаруа­шылығы маңызды болып саналады. Енді шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қабылданып, салықтық жеңілдіктер және қаржыландыруға қолжетімділік артады.

Президент білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту қажет екенін айтты. Алда жаңа мектептер мен ауруханалар салу, сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлануда. Осы күні зейнеткерлерді, мүгедектерді және көпбалалы отбасыларды қолдау маңызды. Сондықтан әлеу­меттік төлемдер көбе­йеді және жаңа көмек көрсету бағдарламалары енгізіледі.

Мемлекет басшысы көлік жүйесін жаңғырту жоспарлары туралы айтқанда жаңа жолдар мен темір жолдар салу мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ халықтың өмір сүру жайлылығын арттыру үшін қалалар дамиды. Абаттандыру және тұрғын үйді жақсарту жобаларын әзірлеу де жоспарлануда.

Президент қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күресу қажеттігін атап өтті. Бұл салада өнеркәсіп пен энергетикада «жасыл» технологиялар қолданылады. Бұған қоса, су мен жерді ұқыпты пайдалану маңызды.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысы тиімді және ашық болуы үшін ел басқару реформаларын жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру үшін полиция реформа­ланатынын жеткізді.

Салтанат ЖЕНАЛАЕВА,

Астана қаласы ­мәслихатының депутаты

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button