Uncategorized

Мақсат – кедергісіз қолжетімді орта құру

Астана қаласы коммуникациялар қызметінде “Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділігі” тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті мүгедектігі бар адамдарға нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.

Департамент басшысының орынбасары Сәуле Игембаева мен әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі басшысы Болат Төреханов жүргізілген тексерулердің қорытындыларын шығарып, негізгі проблемаларды және қалалық инфрақұрылымда қолжетімді ортаны жобалауға қойылатын талаптарды атап өтті.

Қолжетімділік стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылау

Нысандардың қолжетімділігі туралы заңнаманың сақталуын бақылауға жауапты Департамент тұрақты тексерулер, оның ішінде профилактикалық және жоспардан тыс тексерулер жүргізіп тұрады. 2024 жылдың 9 айы ішінде жүргізілген тексерулер нәтижесінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының көптеген нысандары еліміздегі қолжетімді ортаны жобалау ережелерінің жинағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету және анықталған проблемалар

Тексеру барысында қолжетімділіктің биік табалдырықтар, сүйенішсіз тік пандустар, тар есіктермен, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін тактильді таңбалау мен ақпараттық мнемосхемалардың болмауы салдарынан шектелетіні анықталды. Бұл тек мүгедектігі бар адамдар үшін ғана емес, сондай-ақ егде жастағы адамдар мен балалары бар ата-аналар үшін де айтарлықтай кедергілер туғызады. 154 тексеру нәтижесінде 105 ескерту мен жеке ұсыныс беріліп, жалпы сомасы 32,7 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.

Қолжетімді ортаны құру үшін объектілер мен инфрақұрылымға қойылатын талаптар

Сәуле Игембаева нысандардың мүмкіндігі шектеулі топтарға арналған жобалау нормаларына сәйкес жабдықталуы тиіс екенін атап өтті. Негізгі талаптарға: еңісі 5%-дан аспайтын ыңғайлы пандустар, ені кемінде 0,9 м болатын есіктер, барлық баспалдақтар мен 0,45 м биік өткелдерде сүйеніштер, тактильді таңбалау мен контрастты белгілеулердің болуы кіреді. Болат Төреханов санитарлық тораптардың да әмбебап кабиналармен, сүйеніштермен және төтенше көмек батырмасымен жабдықталуы қажеттігін айтты.

Азаматтардың өтініштері мен нысан иелеріне ұсыныстар

Қолжетімділік шарттарын жақсарту мақсатында Департамент мүгедектігі бар адамдар үшін кедергілер туындаған жағдайда азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Сондай-ақ, нысан иелері де мүмкіндігі шектеулі жандарға  қолжетімділік стандарттарын сақтау бойынша ұсыныстар алу мақсатында Департаментке жүгіне алады.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау жөніндегі Жол картасын іске асыру

Сәуле Игембаева «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергілерді жою жұмыстарының жалғасып жатқанын еске салып, бұл мемлекеттің қолжетімділік пен азаматтардың құқықтарын сақтау жөніндегі талпынысын көрсететінін атап өтті.

Брифинг спикерлер:

  1. Сәуле Зарубекқызы Игембаева– Астана қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары
  2. Болат Жұмахматұлы Төреханов – әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі басшысы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button