Жаңалықтар

Мақтаулылар марапатталды

Төл мерекемізді «Қазпошта» АҚ Астана почтамтының ұжымы да ұйымшылдықпен қарсы алды. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» айтулы мекеменің орталық аппарат қызметкерлері концерттік бағдарлама дайындап, аста-төк дастарқанын жайды. 

Алдымен филиал директоры Сәуле Әбілбаева әріптес­те­ріне ыстық ықыласын білдіріп, 2012 жылы атқарылған жұ­­мыс қорытындысын жария етті. Одан кейін «Қазпошта» АҚ Астана почтамтының ең үздік ұжым мен жекелеген жұ­­мыскерлерін алғыс хат, грамоталармен марапаттады. Сосын, Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың арнайы жолданған жеделхаты оқылды.

«Бүгінде «Қазпошта» АҚ ұжы­мы пошта жеткізу жо­­лында аса ма­ңыз­­­ды жұмыстар атқарып жатыр. Көп­­­­те­­ген күрделі стратегиялық мін­­дет­тер өз шешімін тапты. Ас­­қан жауапкершілікті мойнына алған біздің әрбір жұмыскер өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Халықтық ІРО бағдарламасын ойдағыдай іске асырып, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның мақтау қағаздарымен марапатталдық… Бұл біздің қол жеткізген табыстарымыздың толық тізбесі емес және осымен тоқтап та қалмаймыз. Биыл ұжымымызды орасан көп жұмыстар күтіп тұр. Егер біз қарқынды қызмет атқарар болсақ, әлемнің үздік пошта қызметкерлері қатарынан көріне аламыз. Мен ұжымымызды Жаңа жыл – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, жаңа кәсіби табыстар тілеймін!» делінген жеделхатта.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button