Жаңалықтар

Мақтұмқұлы мұрасы

мактымкулы

Тұңғыш Президент музейінде түркімен әдебиетінің ұлы классигі, философ, ғалым Мақтымқұлы Пырағының 290 жылдығына арналған «Уақытқа тосқауыл бола алмассың…» атты әдеби кеш өтті.

Мақтымқұлы Пырағы – түркіменнің он сегізінші ғасырдағы көрнекті ақыны және ойшылы. Жыл сайын 18 мамырда Түркіменстанда «Мақтымқұлы Пырағы поэзиясы, бірлік және жаңғыру күні» мемлекеттік мерекесі кеңінен аталып өтеді.

«Уақытқа тосқауыл бола алмассың…» атты әдеби кеште көпшілік классик-ақынның түркімен, қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері мен түркіменнің ұлттық музыкасын тамашалады. Сондай-ақ, сол елдің мәдени мұрасы туралы деректі фильм­мен және Мақтымқұлы шығармаларының қазақ тіліндегі аударма жинағымен танысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button