Марафон айында 900-ға жуық игі іс жасалды
Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет. Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді.
Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.
Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.
Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.