Марғұлан мектебіндегі маңызды семинар

Елорданың Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Тиімді әдіс-тәсілдер мен ұлттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға қалалық Әдістемелік орталығының әдіскерлері, Астана халықаралық университетінің колледжінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жиын барысында әдіскер Нұржамал Әзімбай «Formative Assessment: Оқу үдерісінде үздіксіз бағалау жүргізудің тиімді әдістері» баяндамасын таныстырды. Сондайақ «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру» тақырыбындағы мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Баяндамада «Өркениет жобасы» аясындағы «Аталар», «Әжелер», «Әкелер», «Аналар» мектептерінің жұмысы туралы айтылды.
Семинардың екінші бөлімінде Астана қаласының №40 мектеплицейінің бастауыш сынып ұстаздары «Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарға негізделген әдістәсілдер», «Байырғы қазақ өлшемдері арқылы логикалық ойлауды дамыту тәсілдері», «Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер және оқыту тәсілдері» тақырыптарында шеберлік сыныптары өткізілді. №58 мектепгимназия, №68 мектепгимназия және Ақмола облысының Қоянды ауылы №2 орта мектебінің ұстаздары өздерінің үлгі сабақтарын бөлісті. Сондайақ семинар қатысушылары «Марғұлан музейінің» тыныстіршілігімен танысып, Астана халықаралық университетінің колледжінің студенттері өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды.
Индира БЕРЖАНОВА