Қала мен Сала

Мәртебесі көтерілген мұғалім

Елімізде  әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Бұл – білім саласындағы серпінді жоба. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.

[smartslider3 slider=3546]

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға өскені мәлім. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басында хабарлаған болатын.

Мұғалімдерді қолдаудың мемлекеттік моделінің тәжірибелі педагогтарға әсері, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпалы туралы пікірін сұраған едік.

Соның бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы №87 мектептің тәлімгері Нұрбол Бәшіров.

– Соңғы 3 жылда елімізде ұстаздарға әлеуметтік тұрғыдан және қаржылық жағынан барынша көмек көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы тамыз кеңесіне арнайы қатысып, ұстаздарды қолдаудың толыққанды сатылы жоспарын айтты. Соның арқасында жаңадан келген жас маманның мардымды жалақы алып,  қалыптасуына мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар, сағат жүктемесі 18-ден 16-ға төмендеуі де айтарлықтай жаңалық болды. Орта есеппен алғанда, мұғалім болып жұмыс атқаратын кісі 350-450 мың аралығында жалақы алып отыр. Қоғамды қалыптастыратын басты күш ол ұстаз болса, оларға көрсетілетін қолдау да жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санаймын.

Мемлекет басшысының қолдауымен мәртебелерінің көтерілгеніне мұғалімдер мәз. Олар жауапкершілік жүгі арта түсетінін, сенімді ақтайтындарын айтады.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button