Жаңалықтар

МАСА АЛМАЙДЫ МАЗАНЫ

373a125ed7ae661675f180bc5e2bb918

Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы Тұты­нушылар құқығын қорғау департа­ментімен бірлесіп, масалар көбейетін жерлер – шағын су қоймалары мен өзен-көлдерді, су жайылымдарын бақылауға алды.
Сол арқылы «Столичная дезинфекция» мекемесі Сарыарқа ауданында жалпы ауданы – 160,5 гектар, Өндіріс кентінде жалпы
ауданы – 143,2 гектар, Есіл ауданында жалпы ауданы – 288,7 гектар, Алматы ауданында 120,7 гектар шағын су қоймалары мен батпақты жерлерге масаға қарсы арнаулы ерітінділер шашылды.
Аталған аймақтарда қамыстың қалың өсуі жұмыс барысын біршама қиындатып, арнаулы техникалық құралдар мен алты термогенератор қолданылды.
Белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес бүгінгі таңда Есіл ауданында 1209,2 гектар жерге ерітінді себілді. Алдағы уақытта қалған екі ауданда жұмыс одан әрі жалғаспақшы.
Қазір жұмысқа 60 адам тартылып, барьерлерде тұрақты түрде кезекшілік етуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button