Ел тынысы

Масаға қарсы дезинсекциялық жұмыс күн сайын жүргізіледі

Астанада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар сәуір айынан бастап орындалып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алты тур бойынша жәндіктер ай сайын қыркүйекке дейін уланады.

Биыл дезинсекциялық іс-шаралар сәуір айынан басталды. Бірінші тур аясында қаланың барлық табиғи және жасанды су айдындары өңделді, бұл – 120-дан астам тұрақты және 100 уақытша, сондай-ақ ашық станциялар – саябақтар, гүлзарлар, көшелер, тұрғын үй массивтері. 30 мамырдан бастап екінші турда су қоймалары мен ашық станциялар өңдеуден өтеді.

Маусым айында іс-шаралар түнгі сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін өткізіледі. Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау маңызды: өңделетін жерге баруды шектеу және өңдеу кезінде терезелерді жабу.

Дезинсекция толығымен жоюға емес, масалардың санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.

Бұл ретте кіреберістер мен жертөлелерді өңдеуге ПИК және МИБ/үйлердің басқарушы компаниялары жауап береді. Өйткені бұл аумақ олардың құзыретіне жатады.

Сондай-ақ, бірқатар үйде масалардың ызылдауық түрі бар. Ызылдауық масалар шағатын жәндіктер емес. Олар көбінесе сыртқы түріне байланысты қарапайым масалармен шатастырылады. Олардың ересек түрлері тамақтанбайды және 3-тен 7 күнге дейін өмір сүреді, негізінен топ болып ұшып жүреді. Сондықтан ПИК/МИБ/басқарушы компаниялар кіреберістер мен жертөлелерді дезинсекциялауды уақытылы жүргізуі керек.

Қан соратын жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмысы бақылауда және жұмыс кестесіне, сол сияқты ғылыми топ пен санэпидбақылау ұсынымдарына сәйкес жалғасуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button